Жамбыл ауданындағы кәсіпкерлік нысандарында 7 534 адам жұмыс істейді
2019 жылдың 6 айында Жамбыл ауданында тіркелген 4 647 кәсіпкерлік нысандарында 7 534 адам жұмыспен қамтылды. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша есепті кезеңде 8 млрд. 027,5 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл ауданда жалпы шығарылған өнім көлемінің 43,3%-ын құрайды,-деді аудан әкімі Бақыт Қазанбасов «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» өткен баспасөз мәслихатында. Бұл туралы «ZhambylNews « Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
-«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылға жалпы сомасы 73 млн. 705 мың теңге бөлініп, 6 айда 49 млн. 267,3 мың теңге игерілді. . Бұл қаражатқа 17 ауылдық округтегі 8 ауыл ішілік жолдары жөнделіп, 2 көшенің тротуарларын қалыпқа келтірілді. 1 спорт алаңын және 3 шағын футбол алаңы салынды. 2 шағын футбол алаңы ағымдағы жөндеуден өтті. Мұнан өзге балалар алаңы ашылды, ҰОС ескерткіштерін жөндеу және 3 ауылды жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Жамбыл ауданы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 35 жобаны іске асыруға барлығы 726 млн. 870 мың теңге қаржы қарастырылды (республикалық бюджеттен 654 млн. 181 мың теңге, облыстық бюджеттен 72 млн. 689 мың теңге). Оның ішінде: электрмен жабдықтауға 8 жобаға – 86 млн. 005 мың теңге, сумен жабдықтауға 1 жобаға – 14 млн. 757 мың теңге, білім нысандарын жөндеуге 3 жобаға – 149 млн. 533 мың теңге, спорт нысандарын жөндеуге 2 жобаға – 175 млн. 809 мың теңге, жол жөндеу жұмыстарына 21 жобаға – 300 млн. 766 мың теңге бөлінді,-деді аудан басшысы.
Ауданда тіркелген кәсіпорындарда еңбекке тартылған адамдардың есебінен жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға жетті (2018 жылдың 6 айы – 4,5%). Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 27 982 теңгені құрады (2018 жылдың 6 айы – 26 315 теңге).
2019 жылдың 6 айында кешенді жоспар бойынша 1 216 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 44%-ға орындалды. 227 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға, 123 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолданды және 22 адамға шағын несие берілді, 376 адам тұрақты жұмысқа, 107 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 168 адам жастар тәжірибесі бойынша, 193 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2019 жылы 1 054 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде 840 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 79,7%-ға орындалды.