1 қыркүйек- Білім күні

0 19

Тараз қаласында  1 қыркүйек Білім күніне орай №21 орта мектепте алғашқы қоңырау салтанатты өтті.  Мерекеге  Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Мубарак Жинақбаева, ардагер-ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, ұстаздар және мектеп оқушылары қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

-Бүгін қаладағы 60 мектепте осындай салтанатты шаралар өтіп жатыр. 9,5 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа келді.   Еліміздің болашағы саналы ұрпақ десек,  тәрбие негізі  мектептен қалыптасады. Сондықтан мектептердің материалдық- техникалық  базасын нығайту керек. Сол кезде біздің балаларымызға нағыз білікті,   сапалы білім алады деген ойдамын. Оқушыларымыздың, ертеңгі болашақ иелерінің  мемлекетімізді дамыған 30 елдің қатарына кіруіне үлес қосатыны сөзсіз. Қаншама ата-ана балам жақсы білім алса екен деп, үміт артып келіп  отыр. Сол үмітті ақтап, балаларыңыз сіздерді қуанта берсін, — деді қала әкімі Қайрат Досаев.

Күздің бірінші күні-еліміздің барлық білім беру мекемелерінде Білім күніне арналған салтанатты жиындар өткізілді.

Аталған  мектепте 1219 оқушы бар, оның ішінде 111-і бірінші рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Педагогтардың сапалық құрамы 68% -ды құрайды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.