Меркі ауданы Қазақ дихан ауылында жаңа мектеп ашылды

0 6

Білім күнінің қарсаңында Меркі ауданы Қазақ дихан ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Елді-мекенде  120 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазақ дихан ауылының балалары бастауыштан соң өз білімдерін жалғастыру үшін көрші ауылға  қатынамайтын болды. Өйткені ауылда жаңа мектеп пайдалануға берілді. 120 орындық мектепте 100 ден аса оқушы білім нәрімен сусындаса, 27 ұстаз еңбек етеді.

Барлықтарыңызды  бүгінгі Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ең басты байлығымыз біздің ұрпағымыз болса, сол ұрпағымыз кемел келешегіміз ретінде білімді болуы тиіс. Оған елімізщде барлық жағдай жасалуда. Оның бір  айғағы осындай кішкентау ауылда мынандай тамаша ғимараттың бой көтеріп, халық игілігіне беріліп отырғанын айтуға болады. Биыл өңірде 15 мектептің құрылысы жүргізіліп, оған 5 млрдтан астам қаржы жұмсалып отыр. 5 мектеп пайдалануға берілді.Апатты мектептер мәселесі өз шешімін тапты. Осы білім ұясынан болашақ елімізді көркейтер азаматтар тәрбиеленіп шығады деп үміттенемін,-деді  білім нысанының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев.

2018 жылы құрылысы басталған нысанның мердігері -«Андас Груп» ЖШС.  Ғимарат барлық талаптарға сай жабдықталған. Есен ақсақал Қазақ дихан ауылының тұрғыны. Немерелерінің алғашқысы орта мектепте оқыса, кейінгілері мектеп табалдырығын енді аттауда. Осыған дейін ауыл балалары 4 сыныптан соң өз білімдерін көрші ауылда жалғастырып келген.

Бүгін ауылымызда үлкен қуаныш. Заман талабына сай мынандай әдемі, еңселі ғимарат соғылып, мектеп ашылды. Бұл Мемлекет басшысының тұрғындарға жасалып отырған қамқорлығы деп білеміз. Осыған дейін елді мекенде тек бастауыш мектеп қана болатын. Енді орта мектеп болып жатыр. Балаларымыз, немерелеріміз  еш жаққа бармай осы жерде білім алатындығына өте қуаныштымыз.  Ауылымыз кішкентай болса да бұл жерде 100 ден астам бала оқиды. Жылдан жылға олардың саны да көбейіп келеді. Біз ақсақалдар ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімізді қоса береміз,-деді Ол.

Айта кетейік,  бүгін Жамбыл облысында 5 мектеп пайлануға берілді.  Оның 1-еуі үш ауысымды, 1-еуі апатты және 3-еуі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешті.   Аймақ бойынша 28 мың бүлдіршін  алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.