Қордай ауданында жағдай қалыпты. Көше бойларындағы қоқыстарды жинап, арықтарды тазарту жұмыстарына 53 техника мен 205 адам жұмылдырылып, 630 тонна күл-қоқыс шығарылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сондай ақ Бұлар батыр ауылындағы №19 мектебінде оқу процесі қалыпты жағдайда өтуде. Оқушылардың көңіл-күйі жақсы.
Айта кетейік, медициналық, психологиялық көмекке бүгінгі күнге ешкім жүгінбеген.
Жалпы Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Қарасу және Қаракемер ауылдық округтеріндегі 16 білім беру мекемелерінде 12 274 оқушы білім алуда.