Өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан халқына Үндеуінде айтылған міндеттерді жүзеге асыру туралы мәселе қаралды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
⠀
Бүгінгі таңда облыста коронавирустың 106 жағдайы тіркелген, 43-і емделіп шықты. Негізгі міндет – науқастардың санын көбейтіп алмас үшін қатаң бақылауды босаңсытпау.
⠀
Басқосуда облыстық жедел штабтың төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ең алдымен медицина және полиция қызметкерлері өтуі тиіс «COVID-19» бойынша тесттердің санын арттыруға назар аудартты.
⠀
Жұмысын бастайтын шағын және орта кәсіпорындардың тізімін жасау керек. Оларға жұмысын қайта бастау үшін рұқсат тек қауіпсіздік техникасы мен санитарлық талаптарды сақтай алатындығын дәлелдей алғанда ғана беріледі. Олардың сақталуын бақылау аудан әкімдеріне жүктеледі, — деді аймақ басшысы.
⠀
Күніне кемінде екі рет дезинфекциялау және қорғаныс костюмдері мен бетперделерінің болуы басты назарға алынбақ.
⠀
Ұсынылған шағын және орта кәсіпорындар тізімнен шаштараздар мен сұлулық салондарын алып тастау туралы шешім қабылданды. Онда адамдардың топтасуы мүмкін және санитарлық талаптардың орындалуы қиын. Алайда, қызмет көрсету станциялары, автожуу, азық-түлік емес дүкендер және басқа да объектілер өз жұмысын бастайды. Ал, мейрамханалар мен кафелер әлі де жеткізіп беру режимінде қызмет ете береді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.