РӘМІЗДЕРІМІЗ — МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ МӨРІ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰМАРЫ!

0 1

Құрметті достар! Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын! Бүгін біз «Nur Otan« партиясы Жамбыл облыстық, қалалық филиалдары мен Облыстық Ішкі саясат басқармасының қызметкерлері таңғы жұмысымызды Әнұран айтумен бастадық. Рәміздер күнімен құттықтап, Тәуелсіз еліміздің тарихы мен жеткен жетістіктері жайлы жүрекжарды тілектерімізді жеткіздік. Осы күннің маңызы мен мазмұны жайлы айттым.

Рәміздеріміз – Тәуелсіз еліміздің, сан ғасырлар қойнауынан сыр шерткен тағылымды тарихымыздың шымыр келбеті, шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

Елтаңбамыз еңселі биігінен Тұғырдан туымыз түспесін! Әлем алдында Әнұранымыз әуелеп шырқала берсін! (с).

Балабек Нарбаев, «Nur Otan« партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.