Жамбыл облысында I жартыжылдықта 71,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді

0 12

Жамбыл облысында I жартыжылдықта 71,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Аймақта ағымдағы жылдың I жартыжылдығында ауыл шаруашылығы саласында — 71 551,6 млн. теңгенің НИК-102,7% өнімі өндірілсе, оның ішінде егін шаруашылығында — 2 413,1 млн. теңгенің НИК-106,3%, мал шаруашылығында — 69 062,7 млн. теңгенің НИК-102,6% өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, ет өндірісі — 2,2%, сүт өндірісі — 1,9%, жұмыртқа өндірісі — 3,6% артса, облыстағы МІҚ саны — 8,2%, қой мен ешкі саны — 1,3%, жылқы — 11,5% және құс саны — 4,8% артып отыр.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 19,1 млрд. теңге инвестиция салынып, өткен жылмен салыстырғанда — 109,4% артса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция 1,3 млрд. теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.