Серікбол Сайлаубек: Актер Ербол жағымнан бір ұрды, қорыққанымнан ән айтып бердім

0 61

Серікбол Сайлаубек Алматыға жаңа оқуға келген “балмұздақ” шағын еске алды. Әнші студент шақтарындағы қызықты жайттарды баяндап берді.

Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтылды.

Серікбол Сайлаубек алғаш Алматыға арман қуып, өнер жолына қадам басқанын айтады. Ол Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада цирк колледжінде білім алды. Әншілікке, өнер жолына қадамы осы оқу орнынан басталды. Әнші алғаш оқуға келген шағын күле еске алады.

“1-курсқа түстік. Бірінші күн оқуға келдік. Студенттердің танысу күні. Қайрат Нұртас бар. Бәріміз курстаспыз. Бір кезде Ербол келді. Ол қазір Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері. Лақап аты Пеппи. Бәрі Пеппи деп атайтын. Бәріміз одан қорқатынбыз. Ол кездегі жүйе солай. Пеппи келді де, “балмұздақтардың бәрін старшактар баққа шақырып жатыр” деді. Бардық. 30-40 студент отыр екен. 1-курстағылардың ішінде ең ірісі мен едім. Пеппи менің жаныма келіп, “әншісің бе?” деп сұрады. Мен “иә” дедім. “Мына ағаларыңа арнап бір ән айтшы” деді. “Мен әнді сахнада ғана айтамын” дедім. Екінші рет сұрады. Мен бас тартып едім,  жағымнан бір ұрды. Бірден әнді бастап кеттім. “Мұңды ән айтпа” деді. Көңілді ән айттым. Солай таяқ жегенбіз”, – деді Серікбол.

Бүгінде әнші Пеппимен арақатынасы жақсы екенін айтады.

“Қазір жақсы сыйласамыз. Ол біздің старшагымыз ғой”, – деді ол.

Серікбол Сайлаубек денсаулығына байланысты біраз уақыттан өнерден алыстап кетті. Тыңдарман алдына шыққан жоқ. Көзіне бірнеше ота жасатып, ел алдына қайта шыққанын айтты.

“Жаңа ән жазып, оған бейнебаян түсірдім. Қайта ел алдына шықтым. Денсаулығы жақсы. Аллаға шүкір”, – деді Сайлаубек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.