“Көре алмастардың көп болатыны заңдылық”: Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртасты туған күнімен ерекше құттықтады
Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады. Әнші 33 жасқа толды. Әріптестері ақ жарма тілегін айтып, құттықтасып жатыр.
Қайрат Нұртас 33 жасқа толған туған күнін Мальдивте атап өтті. Жақындары, дос-бауырлары жанынан табылды. Әншінің әріптестері, желідегі оқырмандары ақ тілегін арнап жатыр. Бұл ретте Төреғали Төреәлі құттықтау жазып, ниетін білдірді.
“Бүгін Қайраттың күні! Қайраттың мерекесі! Бұл жазбаны “Қайрат деген кім?” деп бастауға болар еді. Бірақ, Қайраттың қандай тұлға, қандай азамат екенін бүтін Қазақстан түгілі, бүкіл Орта Азия, Америкаға дейін біледі.
Қаншама халық мойындайды. Сондықтан, бұл постты “Қайрат” дегеніміз не?” деп бастағым кеп тұр.
Абай атамыз “Сабырлылық, ұстамды шыдамдылық, Ол Қайраттан шығады, білсең керек” демей ме? Қайрат дегеніміз — энергия. Әлемді мойындатуға, атыңды шығаруға, шаршамай еңбек етуге толассыз қайрат керек екені даусыз. Бірақ Абай атамыз қайраттың көкесі ұстамдылықпен сабырлылыққа керек деп отыр. Өйткені нағыз жігіттің жігіттігі осындай сынақта білінеді екен ғой. “Аюды жеңген адам жарты батыр, ашуын жеңген адам бүтін батыр” дегендей, елдің қамы, әулеттің бүтіндігі, үйдің берекесі үшін ашуын жұтып, адамдарды жарастыру үшін өзімшіл мінезінен бас тарта алған еркек — нағыз еркек емес пе?”, – деп жазды Төреәлі.