Баян Алагөзова мемлекеттік наградамен марапатталды

0 2

Баян Алагөзова белсенді азаматтық ұстанымы үшін мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған сыйлықты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев табыстады.

Қуанышты сәттің кадрларын Алагөзованың өзі желідегі парақшасында бөлісті.

«Әлеуметтік желілер пайда болғалы бері мен елімізде болып жатқан оқиғаларға қатысты ой-пікірімді білдіріп, шет қалмаймын.
Оқырмандарым да менің әр постымды қолдап отырады», — деп бөлісті Мақсатқызы.

Былтырға дейін ешқандай марапат алмаған продюсер бұл Тоқаевтың кезіндегі қоржынындағы екінші сый екенін атап өтті.

«Бұл менің екінші мемлекеттік наградам. Біріншісі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай берілді. Өкінішке қарай, ол әлі астанада. Алып кетпедім», — дейді Алагөзова.

Осы ретте Баян Мақсатқызы еңбегін елеп-ескерген мемлекет басшысына алғысын жеткізді.

«Марапат өмірді өзгертпейді, бірақ жаңа істерге мотивация мен қанат бітіреді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары бағасы үшін алғыс білдіргім келеді. Біздің елімізде тұру және Отанымызға қызмет ету мен үшін мәртебе», — деп жазды Алагөзова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.