Түсірілім алаңында «Азия» тобының әншісі Ринат Баситовты жылан шағып алды

0 33

31-ші арнадағы «Біздің шоу» бағдарламасының түсірілім алаңында әнші Ринат Баситовты жылан шағып алды. Оқиға осыдан бір ай бұрын, түсірілім кезінде болған.

Жоба басшысы Ғалия Байбосынованың айтуынша, шоуда өнер адамдарын шақырып, импровизациялық қабілетін тексеретін айдар бар. Соған «Азия» тобын шақырып, жыланды мойындарына салып, билетпек болған.

«Басында бәрі жақсы болды. Жігіттер биді қатырды. Бір кезде Ринаттың түрі бұзылып кетті. Сосын «шағып алды» деген дауыс естілді. Көрерменнің алдында айқайлауға ұялса керек, барынша сабыр сақтады», — дейді жоба продюсері.

Қолы ісе бастағаннан, дереу сахнаның сыртына кетіп қалған әншінің артынан көрерменнің арасында отырған дәрігер жүгіріп кеткен. Бірақ, көрермендер отырғандықтан, түсірілімді тоқтата алмаған. Жоба продюсері рация арқылы “жедел жәрдем шақыртыңдар” деп команда бергенін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.