Ерке Есмахан үшінші рет тұрмысқа шығатынын хабарлады

0 162

Күні кеше Ерке Есмахан дүйім жұртқа жеке өміріндегі жағымды жаңалығын жеткізді. Әнші өмірлік серігін жолықтырғанын айтып, ұзату тойының күні алыс емес екендігін айтқан, деп хабарлайды  Экспресс K сайты.

Бұл жайында Ерке өзінің 7 миллион оқырманы бар жеке парақшасында жариялады. Жұрттан сүйінші сұраған өнері иесі тойды қандай форматта өткізу керектігін ақылдасып, көпшілікпен кеңесуді жөн көрген.

«Алла бұйыртса, күйеуге шығамын! Ерке Есмахан дүркіретіп, үлкен инста-той жасап, ұзатылғаны дұрыс па? Әлде тып-тыныш, сырға салып, неке қиып жүре бергені дұрыс па? Сіздердің ақылдарыңыз қажет!», — деп жазды Ерке.

Есмаханның өз аузынан бұл қуанышты хабарды естіген желі қолданушылары әншіге бірден бақыт тілеп, жылы лебіздерін жарыса жазған.

«Уау, ақ көйлек, әппақ келін, онлайн той жасаңызшы», «Тып-тыныш кете бер», «Күйеуге шығу керек міндетті түрде. Тыныш па, дүркіретіп пе маңызды емес», «Әрине, дүркіретіп. Кімнен кемсіз? Іші тарлар қызығып та, қызғанып та көретіндей етіп шығыңыз», — деді оқырмандары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.