«Көтердім!» Қайрат Нұртастың әйелі бесінші баласына жүкті екенін айтты

0 19

Дәл қазір Қайрат пен Жұлдыздың жанұясындағы жағымды жаңалық қазнетте қызу талқылануда. Келер жылы танымал жұптың отбасы тағы бір сәбимен толықпақ.

Бесінші баласына аяғы ауыр екенін Жұлдыздың өзі жеке парақшасында ресми түрде жариялады. Ол 3 миллионға жуық оқырмандарынан сүйінші сұрап, жүкті екенін ашық айтыпты.

«Мен бұл жаңалықпен басқаша бөлісем деп елестеттім: жоғары көңіл-күй, шарлар, торт, әдемі көйлек, жақын жандар… Бірақ, бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен. Жарайды, қайыры болсын. Көп созбай айтайын. Сіздердің көптен бері тілеп жүрген, сұрап жүрген, күтіп жүрген жаңалықтарыңыз орындалды!!! Мен бесінші баламды «көтердім». Қалған сезімдерімді келесі жазбаларымда айтып берермін», — деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Қайраттың келіншегінен жағымды жаңалықты естіген желідегі жұрт бірден қуанышты екендерін айтып, ақ тілектерін жарыса жазыпты.

«Құтты болсын, аман-есен қол-аяғыңызды бауырына басыңыз», «Үйтіп-бүйтіп жүріп бесіншісін көтерттік-ау. Құтты болсын, салиқалы ұрпақтан болсын», «Сіздердей отбасылардың баласы көп болу керек»,

— деп оқырмандары құттықтап жатыр.

Айта кетейік, Қайрат пен Жұлдыз 2007 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде шоу-бизнестегі ең танымал жұп төрт баланың ата-анасы. Олардың отбасында Сезім, Алау сынды қыздары мен Нарұл және Хан атты ұлдары өсіп келеді.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова ұл-қыздарымен
Leave A Reply

Your email address will not be published.