Төреғалидың қарындасының беташары жұрттың ашуына тиді

0 71

Танымал эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің қарындасының Қызылорда облысындағы беташар тойында асабаның таныстыруы желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды Экспресс К.

Дина Төреәліні асаба әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы деп таныстырған. Бұл жерде қыздың руы, ата-анасын емес, танымал болғандықтан ағасын айтуы желі қолданушыларына ұнамай қалды.

«Төреғалидың қарындасы демей, әкесін неге айтпайды?», «Ағасын айтпаса болмай ма?», «Төреғалидың аты енді барлық жерде қыстырылып жүреді», «Төреғали әулие ме еді?», «Әкесінің есімін айтса болар еді», «Ағасынан бұрын әкесін айту керек қой»,

— деген пікірлер жазылған видеода.

Leave A Reply

Your email address will not be published.