Танымал әнші Маржан Арапбаева күйеуінің өзі түсіріп жатқан бейнебаянда төбе көрсететінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Шығармашылыққа білек сыбана кіріскен Маржан Арапбаева екі бірдей бейнебаян түсіріп жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
“Жаңа жыл жақсылықпен басталсын депжаңа жұмыстарға кірістік. Менің бар мақсатым Қазақ өнеріне үлесімді қоссам екен деймін. Бала-шағам, туыс, бауырларым, тындармандарым өнерімнен әдемі әсер алса екен деймін. Өмір жалғасуда…. Аман есен болайық! Жарқын күндеріміз көп болсын!”, – деп жазба жариялады әнші.
Өнер иесі бейнебаянның біріне күйеуі Ерболдың да атсалысқанын айтты.
“Ол ақыры бейнебаянға түсті. Бұрын соңды болмаған. Видеоға жүрегім қосылды. Менің жүрегім, мені қолдап, жанымда болғаныңа ризамын!”, – деп жазды Маржан Арапбаева.