Димаш Құдайберген кіндік әке атанды

0 27

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген көпке махаббат хикаясымен танмал болған Мәрлен мен Әнелдің Дінмұхаммед есімді ұлына кіндік әке болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Мәрлен мен Әнел өздерінің Instagram-дағы парақшасында Димашпен түскен суретін жариялады.

“Баламыздың кіндік папасымен алғашқы суреті. Біздің Дималёктің кіндік папасына көп рахмет! Димаш сияқты ел сыйлайтын жақсы, адал жан болсын”, – деп жазды Әнел.

Желі қолданушылары да жас отбасыны құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

“Бөпенің бауы берік болсын”, “Димаш папасы сияқты халықтың баласы болсын”, “Қандай керемет”, “Үлкен азамат боп ер жетсін! Димаш ағасының жолын берсін!”, “Екі Димашымыз да ғұмырлы болсын! Көз тимесін!”, – деп тілектес екендерін білдірді.

Айта кетейік, жақында Мәрлен мен Әнелдің тұңғышы ұлы дүниеге келіпсәбиге Дінмұхаммед деген есім берген болатын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.