Дариға Бадықова күйеуі мен қайын ағасына қажылыққа жолдама сыйлады

0 72

Танымал актриса Дариға Бадықова күйеуі мен қайын ағасына Меккеге жолдаманы табыс етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мен екі адамға құнды сыйлайтын болып шештім. Өзімнің атымнан күйеуім мен туған қайын ағамды Меккеге жібергім келді. Қасиетті Меккеге жолдама мен үшін құнды сыйлық. Аман-есен барып келсе екен. Сіздердің отбасыларыңызға да баруды нәсіп етсін”, – дейді актриса.

Желі қолданушылары өнер иесіне тілектес екендерін айтып, ақжарма тілегін арнады.

“Ниеттеріңіз қабыл болсын”, “Алла тілеген дұға-тілектеріңізді қабыл етсін”, “Ниет кабыл болсын бізге жұғысты болсын”, – деп жарыса жазды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.