Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев қызын ұзатпақ

0 88

Халық арасында “Шаншар” театрындағы “Қошан”, “Тука” сынды образдарымен танылған Нұржан Төлендиев Қорлан есімді қызын ұзатқалы жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ассалаумағалейкум ,қазағым! Менің бүгін көңілім алып-ұшып тұр. Себебі хор қызым Қорлантайымды ұзатқалы жатырмын. Бұл жиналған асыл азаматтар ақ тілегін арқалап, қуанышымды бөлісіп келген достарым! Сіздерге үлкен рахмет” – деп жиыннан естелік сурет жариялады.

Желі қолданушылары әзілкештің мақтауын асырып, тілектес екендерін жеткізді.

“Бағы жансын Қорқыздың. Тукадай атасы бар жігіттің арманы жоқ шығар”, “Барған жерде бағы ашылсын!”, “ Өрісіңіздің кеңейгені құтты болсын,Нұржан аға!”, “Жастар бақытты болсын”, – деп жылы лебіздерін білдірді желідегілер.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.