Танымал әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
TikTok желісінде тараған видеода Кәмшатты екі жеңгесі қолтықтап, ал анасы ақ тілегін арнап тұр.
“Қызым ұзатылып, қадам басып, ұясынан ұшқалы тұр. Көрші Ақтөбе облысы, үлкен рулы ел Әлім ауылына келін болды. Бірінші Аллама, екінші күйеу балам Ғазретке аманат. Бір-біріңді сыйлай біліңдер. Өмірде қол ұстасып өтіңдер. Біз құда-құдағи болып сендердің тойларыңда жүрейік. Бақытты болыңдар”, – деген анасы тіл-көзден аман болсын деген ниетпен Кәмшаттың мойнына тұмар тақты.
Бейнежазбада ұлттық киім киген өнер иесі мен актер Ғазрет Қажымұқанұлының бірге отырған сәті де бар. Бұл сырға салу дәстүрі кезінде түсірілген сурет болса керек.