«Жұбайыма арналады»: Райым Еркеге қатысты шындықты айтты

0 20

Өзінен он екі жас үлкен Еркемен шаңырақ көтеріп, жұртты шулатқан Райым Қазақстан бойынша өткізіп жүрген шығармашылық кешінің ерекшелігін айтып, өзінің де өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Райымның айтуынша, Қазақстан бойынша өткізген шығармашылық концерті бұрынғыдан өзгерек.

“Бұрынғы Райым жоқ, жаңа Райым, жаңа әндер, жаңа альбом. Жаңа деуімнің себебі, отбасылы Райыммын”, – дейді әнші. Эстрада жұлдызы халықтан, оның қолдауы мен ықыласынан энергия алатынын айтты.

Журналистің: “Әндеріңіз кімге арналып жазылады? Ерке мен Райым дуэті бола ма?” деген сұрағына ол: “Тек бір адамға, жұбайыма арналады. Бұйырса болады. Бірақ әзірге бірге сахнаға шықпаймыз. Оның өзінің хит әндері бар. Алдағы уақытқа қойған жоспарымыз көп”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ өнер иесі әр жылда бір альбом жазуды жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.