«Қолымнан келгенін жасаймын»: Ләйлә Сұлтанқызы депутат болды

0 4

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы Amanat партиясының атынан Астана қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы тележүргізуші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Бүгін Астана қаласы маслихатының депутаттар тізімінен өз атымды көру бұйырыпты. Қуанышыма ортақтасып жатқан барлық жанға көп-көп рахмет. Алла сәтін салса, ойда жүрген көп іс-шараларды жүзеге асырып, халыққа титтей де болсын пайдам тию үшін қолымнан келгенін жасаймын. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз — мен үшін қашан да маңызды”, – делінген жазбада.

Соңғы кезде өзекті тақырыптарды көтеріп жүрген журналистің саясатқа келуі көпшілікті қуантты. Желі қолданушылары тележүргізушіні жаңа лауазымымен жарыса құттықтады.

“Құтты болсын, әпке”, “Сіз үшін қуаныштымын, Ләйла ханым”, “Сәттілік серігің болсын”, “Халықтың атынан сөйлейді деп сенеміз”, “Халқыңа пайдаң тисін”, “Керемет жаңалық, сіз лайықтысыз”, – деп шенде жауапкершілік барын сездірді желідегілер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.