«Тұла бойым тұңғышым»: Актер Рамазан Амантай алғаш рет қызын көрсетті

0 32

Қызының бет-жүзін көпшіліктен жасырып жүрген актер, ақын, сазгер Рамазан Амантай 1 жасқа толған Несібеліні оқырмандарымен таныстырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Туған күніңмен, қызым. Тұла бойым тұңғышым, ата-әжесінің қызы. Әке бақытын сезіндіргенім. Әлемдегі ең бақытты жан болғайсың. Кеше әжесінің қызының тұсаукесер тойы болды. Тфәй-тфәй деп қойыңыздар. Кімге ұқсайды?”, – деп сауал тастады актер.

Рамазан тұңғышының туған күнінде тұсаукесер тойын өткізіп, жақындарының басын қосты. Әлеуметтік желідегі парақшасына тойдан естелік ретінде бейнежазба жариялады.

Көпшіліктің пікірінше, Несібелі әкесіне қатты ұқсаған. Желі қолданушылары құттықтауларын жарыса жазып, жылы лебізін арнады.

“Сөзсіз папасына ұқсайды”, “Құтты болсын, бауырым”, “Құтты болсын! Әкесіне аумайды томпақ”, “Болашағың жарқын болсын, балақай”, “Тфәй-тфәй көз тимесін”, “Қадамы оң, жолы ашық болсын”, – деп жазды желідегілер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.