Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қызының ҰБТ-дағы дауына кінәлілерді айтты

0 21

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова “Қыздар-ай” бағдарламасында ҰБТ-дағы дауға қатысты бар шындықты жайып салды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бізді аяқтан шалды. Қателік толықтай ҰБТ-ға дайындаған орталықтан болды. Орталық өз атын шығарғысы келді. “Тұрсынбек Қабатовтың қызы біздің орталықта оқып шығып, грантқа түсті» деген атақ үшін осылай істеді. Мен сол уақытта бәріне дайын болдым. Намыстың күйдіргені сонша “бір ауыз айтып ескертпедіңдер ме?” деп ашуландым. Олар барлығы жақсы, білінбей өтіп кетеді деп ойлады. Негізінде Дубайда оқу үшін ешқандай ҰБТ-ның керегі жоқ. Қазір Аллаға шүкір, қызым Дубайда оқып жатыр”, – дейді Мөлдір Мұқанова.

Сондай-ақ оның айтуынша, ҰБТ-ға дайындайтын мұғлімдер қызын алдап, айтқандарына көндірген.

“Ондағы ағайлары: “Бізбен жүре бер. Тапсырып көре сал” деп алдап-арбап сөйлескен. Қызым балалықпен көне берген. Біздің қателігіміз, соған мән бермегенбіз. Сол ақпарат тарағанда халықтың сөздері жүрегімізге тиді. Тұрсынбек орталыққа барды, телеарналарға шықты”, – дейді Тұрсынбек Қабатовтың жары.

Айта кетейік, 2021 жылы отандық шоумен, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-да тест тапсыруға басқа адам кірген болатын. Оны сол кезде ең алғаш заңгер, қазіргі Мәжіліс депутаты Абзал Құспан хабарлаған еді. Кейін өнер адамы бұған отбасының еш қатысы жоғын, бәрін тестке дайындайтын орталық ұйымдастырғанын мәлімдеді. Осы іс бойынша «Центр образования 140+1»  басшысы Нұрбек Қанай кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шыққан болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.