Екі рет ажырасқан Дәурен Айдарқұлов жігіттерге ақыл айтты

0 28

Танымал актер, шоумен Дәурен Айдарқұлов жігіттерге ажырасудың алдын алу үшін не істеу керегін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында отбасын сақтап қалудың жолдарын көрсетіп, бақытты отбасы құрудың қпиясын ашты.

“Әйелім екуіміз ата-анаммен бірге тұрған кездерде анам мен жұбайым жиі келіспей қалатын. Сондай сәттерде мен де, анам мен әйелім де өзіміззді жаман сезінетінбіз. Мен әйелімді жазғырып, қандай жағдай болмасын оны кінәлайтынмын”, – дейді Дәурен Айдарқұлов өз ісіне өкінетінін меңзеп.

Алайда ол өзінің бұл әрекетінің дұрыс емес екенін түсінген. Оның айтуынша, ер адам әуелі өзі өзгеруі тиіс.

“Мен әйелімді емес, өзімді өзгертуім керек еді. Жұбайым менің ата-анамды асты-үстіне түсіп, сыйлағанымды көрсе, ол да дәл солай сыйлайтын еді. Керісінше, сіз әйеліңіздің алдында әке-шешеңізді сыйламасаңыз, олардың ара қатынасы жақсы жаққа өзгермейтіні анық.Сондықтан жігіттер, әйелдеріңді емес, өзіңні ата-анаңа деген қарым-қатынасыңды өзгерт”, – деді ол қорытынды жасап.

Дәурен Айдарқұлов елімізде ажырасып жатқан отбасылардың санын азайту мақсатында жігіттер қауымына ақыл-кеңес берді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.