Жұлдызды жұп Райым мен Ерке Есмахан үйлену тойының болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші Ерке Есмахан тыңдарман асыға күтіп жүрген тойға қатысты сұрақтарға жауап берді.
“Той болмайды! Ақылдаса келе солай шештік. Біздің той тағы у-шу, телефон ұстаған қонақтар, тікелей эфирлер, тағысын тағы. Ойласам шаршаймын. Тойсыз-ақ бақытты жанұя болып, балалы-шағалы болып, сосын 5-10 жылдық той жасармыз. Алла жазсын», — дейді өнер иесі.
Бұған дейін Райым мен Ерке Есмаханның заңды түрде неке қиғаны туралы жазған болатынбыз.