Жамбылдағы бір мектептен 3 Азия чемпионы шықты

0 12

Өзбекстан мемлекетінен Жамбыл ауданына жағымды жаңалық жетті. Самарқанд қаласында қол күресінен ардагерлер, ересектер, жастар, жасөспірімдер және дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы өткен Азия чемпионатына қатысқан 3 оқушы жүлдемен оралды — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бауыржан Валиев басшылық ететін №1 орта мектептің 8-сынып оқушысы Нұрбибі Баймұрат пен 7-сынып оқушысы Ақерке Оразғалиқызы Азия чемпионы атанса, аталған білім ордасының 10-сынып оқушысы Нұрсая Баймұрат күміс жүлдені жеңіп алды.

Самарқанд қаласында төрткүл дүниені күш-қайратымен тәнті еткен оқушыларға көрермен ыстық ықыласын танытты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.