Кіші футболдан кезекті турнир бастау алды

0 18
«Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен футболдан 2009-2010 жылы және 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында Еңбек ардагері Түгелбай Жаманқұловты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық ашық турнир бастау алды , —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі М.Сұлтанғалиев құттықтау сөз сөйлеп, барлық командаға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, футзалдан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері және бірнеше дүркін чемпионы, УЕФА чемпиондар лигасының 2 дүркін чемпионы, Сарысу ауданының құрметті азаматы — Серік Түгелбайұлы Жаманқұлов жас аяқдопшыларға жігерлендіретін қанатты сөздер айтып, мемлекетіміздің жарқын болашағына қызмет етуге шақырды.
Дәстүрге айналған турнир бірнеше күнге созылмақ.
26 команданың басын қосқан турнирдің топтық кезеңі бүгін өткізілді.
Алдағы күндерде өтетін ширек финал, жартылай финал және финалдан толықтай хабардар ететін боламыз.
Leave A Reply

Your email address will not be published.