«Барыс» хоккей клубы шетелдік ойыншыларға 400 млн теңге жалақы ұсынған

0 61

Бұл туралы журналист Мақсат Толықбай фейсбуктегі парақшасында жариялады.
«Қымбатшылық қысып, елдің экономикасы тұралап тұрғанда «Барыс» хоккей клубы ойыншыларымен «ерекше» келісім-шарт жасасып жатыр. Бұл команданы «Самұрық Қазына» қаржыландырады. Қор Үкіметке қарасты. Яғни, ондағы қаржының сұрауы болуы керек! Мәселе мынада. «Барыс» Никита Михайлис деген ойыншыға жылына 401 миллион теңге төлейміз деп шешім қабылдапты. Өткен аптада әріптестер бұл мәселені көтерді. «Барыс» та, «Самұрық Қазына» да үнсіз. Бұл аздай, енді Линдей Вей деген шетелдік ойыншыға бір жылдық шарт ұсынып, қазіргі (рубль – теңге ) курсымен 481 миллион теңге жалақы төлемекші.
«Айналайындар-ау, айына 400 миллион теңге жалақы ұсынатындай, ол қыруар қаржыны демеуші өз қалтасынан шығарып отыр ма?
Кәсіби клубтарды қаржыландыруды тоқтату керек! Одан да ол ақша бұқаралық спортты дамытуға жұмсалсын» — деді ол. Бұл жаңалық желі қолданушыларының ашуын тудырып жатыр. «Көк тиын пайдасы жоқ», «Тиым салу керек», «Ал, елде үш ауысымда оқитын 200 ден аса мектеп бар» деп жазуда желі қолданушылары

Leave A Reply

Your email address will not be published.