Жуалы ауданында «Дені саудың-жаны сау» атты кіші футболдан аудандық турнир өтті

0 23

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын және «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Жуалы аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен Б.Момышұлы ауылының орталық саябағында «Дені саудың-жаны сау» атты кіші футболдан аудандық турнир өткізілді.

Турнирге ауданымыздың NEET санатындағы, жұмыссыз және пробация есебінде тұрған жастардан құралған 4 құрама команда қатысты. Ойын басында төрешілік еткен төрешілер құрама командаларға ережені түсіндіріп, командаларға сәттілік тіледі. Б.Момышұлы ауылының спорт нұсқаушысы Орманов Қанат, Жуалы аудандық пробация қызметінің әділет капитаны Иманбердиев Ермұхан Лесбекұлы мен Ақсай ауылдық округі жастар ісі жөніндегі инспекторы Мекенбай Мұратай төрешілік еткен спорттық сайыста командалар жеребе тарту рәсімімен бір-біріне қарсылас атанып, өзара бақ сынасты. Турнирді марапаттау рәсімінде Жуалы аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Сарғалтақов Қуат Манатбекұлына сөз кезегі беріліп, жеңімпаз командаларды жеңістерімен құттықтап, марапаттады. Турнирдің нәтижесіне сәйкес, жүлделі ІІІ орынды «Барыс» құрама командасы жеңіп алса, «Қыран» құрама командасы турнирдің жүлделі ІІ орынына жайғасты, ал «Жуалы жастары» атты құрама командасы турнир жеңімпаздары атанды.

Тартысты турнир қорытындысына сәйкес қатысқан футбол командаларының ойыншылары дипломдармен марапатталып және «Үздік төреші» алғыс хатымен аудандық пробация қызметінің әділет капитаны Иманбердиев Е.Л. Момышұлы ауылының спорт нұсқаушысы Орманов Қанат және Ақсай ауылдық округі жастар ісі жөніндегі инспекторы Мекенбай Мұратай марапатталды..

Leave A Reply

Your email address will not be published.