Қаратау қаласының ашық біріншілігі аяқталды

0 4
Кіші футболдан маусым айында бастау алған Қаратау қаласының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.
Талас ауданының 95 жылдығы мен Қаратау қаласының 60 жылдығына орай кіші футболдан ұйымдастырылған Қаратау қаласының ашық біріншілігі аяқталды.
Жарысқа Қаратау қаласынан 6 команда қатысып, ойындар 2 айдан аса уақытқа созылды.
Жарыс құрытындысы бойынша «Үздік қақпашы» Касимов Асылбек (Нұр-Дос командасы), «Үздік қорғаушы» Аскаров Қуаныш (Алина Холдинг), «Үздік сұрмерген» Рысбек Шыңғыс (Спорт бөлімі), «Үздік ойыншы» Абдикаримов Қайрат (Talas Invest Company), «Үздік бапкер» Мырзакулов Казбек (№32 БЖСМ) атанды.
🏆Жеңімпаз және жүлдегерлер:
🥇I орын: СПОРТ бөлімі
🥈II орын: TALAS INVEST COMPANY
🥉III орын: НҰР-ДОС
Leave A Reply

Your email address will not be published.