Бүгін, 16 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың үшінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар биатлон, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккейден сынға түседі.
Дүбірлі додада биатлон 14:00-де басталады. Аралас эстафетада ерлер 7,5, әйелдер 6 шақырымға жарыс жолына шығады. Аталған сында еліміздің намысын Никита Акимов пен Полина Егорова қорғайды.
Ал мәнерлеп сырғанауда қысқа бағдарламада сағат 22:00-ден бастап ерлер арасында Никита Кривошеев, Михаил Шайдоров пен Диас Жиренбаев сайысқа түседі.
Cағат 20:30-де шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан мен АҚШ кездесуі басталады.
Қазірге дейін Қысқы универсиадада ел құрамасы қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль бар. Фристал -могулдан Анастасия Городко екі мәрте чемпион атанды.
Ал фристал-могулдан Аяулым Әмренова, парашаңғыдан Денис Зинов, фристайл-могулдан ерлер арасында Антон Бондарев күміс алса, парашаңғыдан Роман Құрбанов қола медаль иеленді.