Омыртқаның ауруы — дәрігерге қашан барған дұрыс?

0 22

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем халқының 50-85 пайызы остеохондрозбен ауыратынын айтады. Ал неміс зерттеушілері бұл ауру әр 10 адамның 8-інде кездесетінін алға тартады. Остеохондроз — біздің елде де көп кездесетін кесел түрі. Остеохондроз тек орта жастағыларда емес, соңғы кездері барлық жас арасында кездесетін ауруға айналды. Остеохондроздың асқынуы — еңбекке жарамсыздықтың бірден бір себебі болып табылады.
Ауыр дене еңбегі мен шағын жарақаттар және салқын  тиіп ауыру факторлары остеохондрозды асқындыра түседі. Бұндай ауруға шалдыққан адамдардың сүйектері мен буындары сырқырап ауырады. Науқастың жүріп-тұруы қиындайды. Көбінесе бұндай жағдай бел омыртқа остеохондрозында байқалады. Оны рентгендік диагностика арқылы анықтайды.
Остеохондроз — тек адамға ғана тән ауру. Өйткені, жануарлардың омыртқа жоталары көлденең орналасады, оған салмақ түспейді және олар үнемі қимыл-қозғалыста болады, тек қатты ашыққанда ғана тамақтанады әрі бұл тамақтың өзін табу олар үшін оңай емес.
Локализациялық пайда болуына байланысты остеохондрозды: мойын, кеуде және бел бөлімі остеохондрозы деп ажыратады. Көбінесе бел омыртқасы бөлігі зақымданады.  Бұл омыртқа жотасының төменгі бөлігіне анағұрлым үлкен статистикалық салмақтың түсуіне байланысты. Екінші орында — мойын остеохондрозы. Омыртқа жотасының аталмыш бөлігі көп жағдайда бір қалыпта — яғни компьютердің алдында үнемі отырған қалыпта жұмыс істеу, бірқалыпты дене еңбегімен түсіндіріледі. Омыртқа жотасының кеуде бөлігіндегі остеохондроздың үдеуі, аталмыш бөліктің қимыл-қозғалысқа түспеу салдарына байланысты.
Омыртқа жотасының мойын бөлігінің остеохондрозы кезінде мойыннан қолға аурудың берілуі, желке, жаға аумақтарының ауруы байқалады. Бұл бастың солқылдап ауруынв, баста қандай да бір шудың тұруы, бас айналуына әкеп соқтырады.
Омыртқа жотасының кеуде бөлігі остеохондрозы жауырын арасында, арқаның кеуде тұсының ауруымен айқындалады да, жүре келе қабырға арасы шағып, қабырға арасының невралгиясын сипаттап, кеуде қуысының алдыңғы жағында жүрек ауруларымен белгіленеді.
Бел бөлігінің остеохондрозы кезінде арқаның төменгі жағы, бөксені басып, ары қарай аяққа аурудың жайылуы, кей жағдайда аяқтың тартылып, піскілеп, аяқ бұлшықеттерінің селкілдеп піскілеп ауыруымен айқындалады.
Кейбір еңбектерге сүйенсек, остеохондроздың 52 түрі бар. Кейде адамдар ағзада орын алған функционалды өзгерістерді елемей жүре береді. Ал мұндай белгілерге мыналар жатады: мойын бұлшық еті жылдам шаршайды, иық, арқа, екі қолдың бұлшық еті салдырап тез талып қалады. Ал күн ұзағына қозғалмай үстелде отырып жұмыс істеу ауруды асқындырып жібереді. Иық немесе буыны ауырған адамдар оны көпшілікке танымал ревматизм немесе полиартрит ауруымен шатастыруы мүмкін. Остеохондрозға шалдыққанда омыртқа арасынан шыққан жұлынның талшықтары қысылып қалса, жүрек тұсы шаншиды. Ал бұны біреулер инфаркт немесе стенокардия ауруымен шатастырады.
Кез келген ауру салқыннан пайда болады. Сондықтан аурудың алдын алу үшін өзіңді шымырлыққа шыңдаған дұрыс. Әсіресе, түрлі жаттығуларды жасау, таза ауада көп жүру, дұрыс тамақтануға зор мән берген дұрыс. Уақытылы медициналық көмекке жүгіну, ерте диагностика — ауруды уақтылы емдеп, тез сауығудың кепілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.