Құрметті жамбылдықтар!

0
193

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2021 жылы 19 ақпанда, сағат 11:00-де, Тараз қаласының «Баласағұн» орталық концерт залында (Төле би көшесі, 89) Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізуге салынған тыйымға байланысты залдағы орындар саны шектеулі болады.

Есептік кездесуге қатысуға ниетті барлық азаматтар үшін заманауи байланыс құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы онлайн форматта қатысуға мүмкіндіктер қарастырылады.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары өз сұрақтары мен ұсыныстарын жоғарыда көрсетілген мекенжайларда арнайы орнатылған жәшіктерге қалдыра алады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here