Сарысу ауданында ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

0 40

Сарысу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қала және ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, тиісті мекеме мен кәсіпорын басшылары, сондай-ақ Жамбыл облысы Полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Данияр Асылбеков қатысты.

Комиссия отырысының негізгі мақсаты – өңірдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін талдау, өзекті мәселелерді қарастыру және алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындау болып табылады. Жиын барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңдылық пен тәртіпті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Күн тәртібінде «Нашақорлық және есірткі бизнесінің алдын алу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі мен тиімділігі» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар» туралы мәселелер қаралды. Бұл бағыттар бойынша аудандық полиция бөлімі мен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшылығы баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталып, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарларды таныстырды.

Баяндамаларда нашақорлықтың алдын алу мақсатында өткізілген түсіндіру іс-шаралары, жастармен жүргізілген профилактикалық кездесулер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ақпараттық жұмыстар кеңінен қамтылды. Сонымен қатар, қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған шараларды күшейту қажеттігі де атап өтілді.

Жиын барысында аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін ескертті. Ол барлық жауапты органдардың өзара бірлесіп, жүйелі жұмыс жүргізуі маңызды екенін атап өтті.

Жалпы алғанда, Сарысу ауданында өткен ведомствоаралық комиссия отырысы өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және заңдылық пен тәртіпті күшейтуге бағытталған маңызды жиын болды.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.