Бірлесе білген ел жеңеді

0 1

Қадірлі жерлестер! Жаһандық індет ушығып барады. Әлеуметті әбігерге салып, талайдың түн ұйқысын төрт бөлген коронавирус дерті күн тәртібінде күйіп тұр десек артық айтқандық емес.
Дегенмен, ауруды ешкім сұрап алмайды, ауру айтып келмейді. Ел арасында тәжді вирус деп аталған бұл кесел елімізді ғана емес, әлемді әуре-сарсаңға салып отырғанына баршамыз куәміз.
Бүгінде барша әлем жұртының жалғыз тілеуі де, тілегі де – жаны мен жақынының амандығы.
Ендігі кезек, арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей осынау сын сағатынан аман өту.
Осы тұста сабыр мен шыдамдылық, тәртіп пен төзімділік, береке мен бірлік бәрін жеңетінін естен шығармағанымыз абзал.

Шакизат Сапарбаева, аудан тұрғыны.

Leave A Reply

Your email address will not be published.