«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БӨЛІНГЕН СУБСИДИЯНЫ ҚАЛАЙ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ АЛУҒА БОЛАДЫ?»

0
123

Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Субсидия алудың заңды жолдары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуге Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысы Қайрат Байгебаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Серік Амиров, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Қазыбек Тәшімов және бөлім басшылары, өңірдегі фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, БАҚ және қоғам өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қайрат Байгебаев агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына жүргізілген ауқымды талдау нәтижесінде анықталған кемшіліктерді баяндап, сыбайлас жемқорлыққа алып келетін жағдайлардың алдын алуға шақырды.

Сонымен қатар, Қазыбек Тәшімов өңірдегі фермерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне субсидия алудың жолдарын түсіндірді. Қазыбек Тәшімов өз сөзінде жыл басынан бастап субсидия алудың жолдары туралы ақпараттық жұмыстың жүйелі жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өндірушілері субсидиялау саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу бойынша сауалнамадан өтті.

Айта кетейік, ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін бюджеттен облыстық басқармаға жалпы көлемі– 11 582 180 000 теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен– 8 325 583 000 теңге, жергілікті бюджеттен– 3 256 597 000 теңге.

Бөлінген қаражаттың 35% -ы, яғни 4 030 846 000 теңге мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау үшін қарастырылғанын атап өту қажет.

Көрсетілген кезеңде өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін 1707 кәсіпкерге жалпы көлемі 3 411 555 000 теңге көлемінде субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес облыстық басқарма 24 мемлекеттік қызметтердің тек қана 9 түрі бойынша субсидия берген.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here