Байзақ ауданында «Қыс — 2018» оқу-жаттығуы өтті

0 1

Байзақ ауданында «Қыс — 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жүргізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шара төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ қыс кезеңіне басқару органдарын, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын даярлау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Оқу-жаттығуға ауданның 14 азаматтық қорғау қызметтері аудандық электр желілерін таратушы мекемесінің алдындағы алаңға сапқа тұрғызылып, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарына дайындықтарын көрсетті.

Құрамында медициналық, өртке қарсы, ақпарат, сауда, жанар-жағармай, химиялық және радиациялық қорғау, энергетика, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, байланыс, инженерлік, көліктік, жол-көпір, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметтерінен тұратын топ мүшелері оқу-жаттығу барысында «Сарыкемер — Түймекент» автомобиль жолының бойындағы Сарыкемер ауылы тұрғындарына газ жіберуді реттеу пунктінің жарылған құбырын жөндеуден өткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.