Қазақстан «Союз МС-11» ғарыш кемесін қондыруға дайындалуда

0 0

2019 жылдың 25 маусымында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8 сағат 48 минутта басқарылатын көліктік «Союз МС-11» аппаратының қондырылуы күтілуде.

Роскосмос баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, ресейлік ғарышкер Олег Кононенко мен ғарышкер Энн Макклейн (NASA) және Дэвид Сент-Жак (Канада ғарыш агенттігі) капсуласы Қазақстанның Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 км жерде қонуы керек.

«Союз МС-11» ғарыш кемесінің халықаралық экипажының іздестіру-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ететін Орталық әскери округі (ОӘО) метеорологтарының хабарлауынша, қону жоспарланған аумақта ауа райы жауын шашынсыз, бұлттылықтың төменгі шегі — 2000 м, ауа температурасы + 30 градустан сәл жоғары болады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Орталық әскери округінің 200-ге жуық әскери қызметкері, 12 Ми-8 тікұшағы, төрт ұшақ (Ан-12 және Ан-26) және 20 техника, соның ішінде алты іздеу-эвакуациялау құралдары тартылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.