Білім сапасы басты назарда

0 24

2019-2020 оқу жылының қорытындысы және ҰБТ-ға дайындық, жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесі туралы

2019-2020 оқу жылын 8879 оқушымен бастап, 8890 оқушымен аяқтадық. 2019-2020 оқу жылының басында білім сапасы 68,5 пайызбен бастап, оқу жылының соңында 72,2 пайызға, яғни 3,7 пайызға өскен.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 8 сәуір күнгі №135 бұйрығына сәйкес,қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алып барлық 27 мектептің барлық оқушысы «Балапан» арнасынан сабақтарды көрді, оның ішінде «Еларна» телеарнасынан орыс сыныптарынан 776 оқушы телесабақтарды берілген кестелер арқылы көрді. Оның ішінде интернет желісі төмен 7 елді мекендердегі 16 мектептегі 2278 оқушымен кері байланысты қолма-қол курьерлер, үй телефондары арқылы тапсырма беріп оқытылды. Қалған 11 мектептегі (Жаңатас қаласы, Саудакент ауылы) 6608 оқушымен интернет желілері whatsapp, telegram, classroom, Zoom,kundelik.kz арқылы, кері байланыс жасалды.
Қашықтықтан оқыту кезінде үйлерінде компьютері жоқ аз қамтылған оқушыларға және мектептің мұғалімдеріне компьютерлер берілді. Атап айтсақ, аудан бойынша балалары мектепте оқитын аз қамтамасыз етілген отбасылар саны –926. Оның ішінде оқушы саны- 1782.
Жалпы 330 аз қамтылған отбасындағы 930 оқушыға мектептен барлығы 330 компьютер және мұғалімдерге 134 компьютер уақытша қолдануға берілді. Барлығы 464 компьютер берілді.
«Білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығына 2020 жылдың 17 сәуіріндегі №149 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалауды 4-11 мамыр,тоқсандық жиынтық бағалау,18-22 мамыр аралығында жургізіліп, №125 бұйрықтың 17 тармағына сәйкес бжб және тжб тапсырмаларын мұғалімдер өздері жасады.
«Орта техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы 125 бұйрығына толықтырулар еңгізу туралы»2020 жылғы 17 сәуір күнгі №149 бұйрығының 50-1 қосымшасына сәйкес, карантин жағдайларында әлеуметтік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағасы негізінде жүргізілді.
2019-2020 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектердің ішіндегі «Алтын белгі» төсбелгісін -11 оқушы, Үздік аттестатты 11 оқушы иеленді. /2018-2019 оқу жылында «Алтын белгі» төсбелгісіне-14, Үздік аттестатқа -3/
Қазіргі таңда «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерімен ҰБТ –ге дайындық жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.
Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдер мен оқушылар арасында бірнеше байқаулар өткізілді. Айтап айтсам, 2020 жылдың 14-16 сәуір күндері Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі және бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасында ауданнан 27 мектептен 53 мұғалім қатысып І,ІІ.ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленді. Жеке пәндерге тоқталсақ, қазақ тілі пәні бойынша — 5 мектептен 28 мұғалім қатысып (І дәрежелі — 2 мұғалім, ІІ дәрежелі – 18, ІІІ дәрежелі-8 мұғалім), орыс тілі пәні бойынша – 8 мектептен 6 мұғалім қатысып (ІІ дәрежелі – 1, ІІІ дәрежелі-5 мұғалім), Қазақстан тарихы бойынша — 5 мектептен 7 мұғалім қатысып (І дәрежелі – 1, ІІІ дәрежелі-6 мұғалім), Бастауыш сынып бойынша – 6 мектептен 12 мұғалім қатысып (ІІ дәрежелі – 5, ІІІ дәрежелі-7 мұғалім).
«Үздік тәрбие жүйесі» атты облыстық байқауынан Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықова ІІІ орынды иеленді.
Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен облыстық «Жас математик» онлайн байқауында Б.Адамбаев тірек орта мектебінің 4 сынып оқушысы Н.Қыстаубай ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Абайды оқы, таңырқа!» атты облыстық онлайн байқауынан 3 оқушы ІІ, ІІІ орындарды иеленді (Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің 6-сынып оқушысы Қуанышбекқызы Назым ІІ орынды, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Елепбай Айдана мен 8-сынып оқушысы Әбдір Марлен ІІІ орынды иеленді.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай шығармаларын жатқа оқу бойынша 5 челлендж түсірілді (3-і оқушылар, 2-і мұғалімдер).
Әл-Фарабидің 1150 жылдығына нақыл сөздерін жатқа оқудан 1 челлендж түсірілді (мұғалімдер).
Қашықтықтан білім алушыларды оқытуға қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінен 25 видео сабақтар және әртүрлі тақырыптарда 52 челлендж түсіріліп, YouTube,Facebook желілеріне орналастырылды.
Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай облыстық «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты қашықтықтан өткізілген мәнерлеп оқу байқауында 11 оқушы І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен, 6 оқушы Алғыс хатпен марапатталды.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өткен облыстық «Мен атаммен мақтанамын» атты онлайн эссе байқауында ІІ дәрежелі дипломмен Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Азаматқызы Ақторғын, ІІІ дәрежелі дипломмен Ы.Сүлейменов орта мектебінің оқушысы А.Кемпірбай, Б. Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің оқушысы Д.Сембек марапатталды.
Облыстық «Біздің өлкенің батыры» атты онлайн шығарма байқауында ІІ дәрежелі дипломды Ы.Сүлейменов орта мектебінің оқушысы Шорахан Диана жеңіп алды.
«Жеңіс рухы» атты қашықтықтан өткен облыстық патриоттық әндер байқауында Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің оқушысы А.Байболова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ахмет Байтұрсыноа атындағы ІҮ республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталған Сарысу орта мектебінің оқушысы Әділхан Аяна, ІІ дәрежелі дипломмен Ерсейт Қарақат марапатталды.
«Онлайн шеберхана» бойынша педагогтар арасында озық педагогикалық тәжірибені тарату, оқушыларды оқыту мен дамытудың оңтайлы әдістері мен технологияларын трансляциялау мақсатында 2019-2020 оқу жылында «Онлайн шеберхана» жұмысы бойынша ютуб желісіне (бастауыш сыныптар бойынша–19, қазақ тілі мен әдебиеті-17, орыс тілі-5, ағылшын-6, биология-5, химия-4, физика-2,математика-4, география-6, информатика-2, тарих-8, көркем еңбек-1, өзін-өзі тану-6, психология-7, музыка-1, МДТ-3, д/ш-2, балабақша-12) барлығы109 сабақ жарияланды. «Онлайн шеберхана» жұмысы үздік сабақтардың республика көлеміндегі педагогтарға қашықтықтан оқыту кезінде қолдану үшін жарияланады.
БАҚ-қа (1 сәуірден бастап) 15 мақала («Сарысу» газетіне-13, «Еңбекші» газетіне-2) жарияланды (COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты сақтық шаралары туралы-1, қашықтықтан оқыту бойыншы-2, латын әліпбиіне –2, тілге байланысты-1, ҰБТ, Білім сапа-5, ремонт -1, Абай -3 Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары мектептерде пән мұғалімдері тарапынан қашықтықтан дайындалуда.
Сонымен қатар,оқушылар daryn.online.kz, Bilimland.kz, Zoom сайттар арқылы және ата-аналар тарапынан қашықтықтан пән бойынша ақылы түрде дайындалуда.
Оқушылардың бейіндік пәндері бойынша пән әдіскерлері қашықтықтан пән мұғалімдеріне «Білім алушыларды ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары»,«Күрделі есептерді шығарудың тиімді жолдары», «Химия пәнінен логикалық тапсырмаларды шешудің жолдары», «Биология пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың жолдары», «Тарих пәнінен 11 сынып оқушыларының білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында вебинарлар ұйымдастырылса, облыс көлемінде қазақ тілі пәнінен С.Сейфуллин атындағы орта мектебіннің мұғалімі Ж.Мәлтаева «Қашықтықтан оқытуда оқушыларды оқу сауаттылығына дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, мектептің педагог-психологтары тарапынан ата-аналар мен оқушыларға қашықтықтан мамандық таңдау, ҰБТ барысында оқушылардың қобалжу деңгейін басу жолдарында психологиялық кеңестер беруде. Жүргізіліп жатқан жұмыстар бөлімнің сайты мен әлеуметтік желілерге орналастырылуда.
Биылғы ҰБТ тапсыру кезінде санпин нормаларын сақтай отырып,оқушылардың дене қызуын өлшеп кіргізу, аудиторияларда оқушылардың орналасуының ара қашықтығы 2 метрден болуын сақталуын,әр аудиторияға кемінде 15 оқушыдан отырады деп жоспарлануда. Барлық аудитория саны-10 ( Акт зал-40,7 аудиторияға-15 оқушы, 2 аудитория резерв)
Қосымша оқушылардың дене қызуын өлшеп кіргізуге және залалсыздандыруға 665 мың теңге қаралып,тепловизормен тоннель алынды.
Сонымен қатар, Жаңатас қаласындағы филиалының базасында 10 ұялы телефон үнін тұншықтырғыш, 12 бейне бақылау камерасы және 1 видео регистратор ,1 рамалық металл іздегіш және 2 қол металл іздегіші бар.
Тасымалданатын 145 оқушы ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын болады. Барлық мектептерде Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізіліп, тасымалдайтын автокөліктердің маркасы мен жүргізушілер туралы ақпараттар жинақталды. (жүргізуші куәлігі, автокөліктердің суреті)
Оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында жолсерік полициясын қамтамасыз ету үшін тиісті салаға хат жолданатын болады.
Сарысу ауданы бойынша мектеп оқушыларын қала сыртындағы демалыс орындарына 756 оқушыға барады деп жоспарлануда.
Жазғы сауықтыру лагеріне аудандағы полиция бөлімінде есепте тұрған 4 оқушы мен мектепішілік есепте тұрған 33 оқушы және жайсыз отбасындағы 12 оқушы бірінші кезекте қамтылады, сонымен қатар 15 жетім бала «Казфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен «Жұлдыз» лагерінде демалатын болады деп жоспарлануда.

Ілияс Баймағанбетов, Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.