Қордай ауданында 700-ге жуық отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

0
20

Құрбан айт мерекесіне орай Қордай ауданында 700-ге жуық отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіліп, 1 түйе, 22 бұқа, 134 қой сойылды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Биыл елімізде құрбан айт мерекесі Ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келді.

Облыс аумағында Құрбан айт күндері қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуын, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық талаптарға сәйкес өтілуін қамтамасыз ету мақсатында құрбандық шалу рәсімі «Qurban2020.kz» сайтына тапсырыс беру арқылы арнайы қасапханаларда іске асырылды.

Қордай ауданында Қордай-Шу тас жолы бойындағы Барыс-ll базары және Қордай-Алматы тас жолы бойындағы «Первомайские деликатесы» ЖШС-ның арнайы мал сою алаңдары таңдалып алынды.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мешіт имамдары тарапынан көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тізімі жасақталып, құрбандыққа шалынған малдың еттері мен қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Атап айтсақ, аудандық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері бірігіп, карантин жағдайында аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге (санитар, медбике) азық-түлік себеттерін үлестірсе, белгілі кәсіпкерлер бірігіп, қасиетті мерекеде ізгі амалдарын жалғастыруда.

Жалпы, қазіргі уақытта Қордай ауданында 1 түйе, 22 бұқа (сиыр), 134 қой сойылып, әлеуметтік көмекке мұқтаж 700-ге жуық отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here