Сарысуда кеңейтілген кеңес отырысы өтті

0 2

Сарысу аудандық пробация қызметі бөлімшесінің ұйымдастырумен үстіміздегі жылдың Сарысу аудандық әкімдігінің мәжіліс залында консультативтік кеңесші отырысы өткізілді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Жиынға Жамбыл облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Пробация қызметінің басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры Әділет Ерманов, және Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Олжас Көкей, Сарысу аудандық прокуратурасының аға прокуроры Қуаныш Қойшыбаев және мекеме басшылары қатысты.

Кеңейтілген консультативтік кеңес отырысында жиын күн тәртібінде қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзгеде көмекті ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды.

Жиын соңында Әділет Ерманов атқарылған жұмыс нәтижелері және атқарылған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан есеп берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.