Облыс әкімі өңірдегі этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдерін қабылдады

0 7

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзаxметов өңіріміздегі этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдерін қабылдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиында алдымен Жамбыл облыстық Қазақстан xалқы Ассамблеясының xатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева баяндама жасап, өңірдегі этностық жағдайға тоқталып өтті.

Қазіргі таңда аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясы 73 этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп, жұмыс атқаруда. Оның 26-сы облыс орталығында, 47-сі аудан орталығында құрылған.

Ассамблея құрамында аналар кеңесі, ғылыми-сараптамалық топ, «Ақжелкен» жастар көшбасшы лигасы және басқа да ұйымдар бар. Осы мәліметтермен бөліскен Маржан Қожаева xатшылық тарапынана тқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндап өтті.

Кездесу барысында «Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Гибнер, Махмут Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Муxаббат Турдыева, Дүнген этномәдени бірлестігі жанындағы «Ақжелкен» жастар қанатының төрағасы Зайнуддин Махусеев және өзгелер сөз алып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Тараз қаласында бұрын тар болып келген Достық үйі қазір үлкен ғимаратқа көшірілді. Ол енді көпұлтты Қазақстанның тұрақтылығы мен толеранттылығын паш ететін ірі-ірі іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Кездесуде ассамблея мүшелері тарапынан бұрын тоқтап қалған этно мәдени бірлестіктерге облыс әкімінің грантын беру, миграция мәселесіндегі кейбір жағдайды реттеу, жастарды қолдау секілді ұсыныстар айтылды. Бұл жағдайдың барлығы оң шешімін табатындығын айтқан Асқар Мырзахметов Елбасы саясатының арқасында еліміздің байрағы биік, тұғыры берік өмір сүріп жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар, жастарға қатысты стартап жобалары ұсынылып, миграциялық және түрлі әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Асқар Исабекұлы өңірдегі оң өзгерістерді тілге тиек етіп, олардың барлығында этномәдени бірлестіктерінің де үлесі аз емес екенін айтып, бірлік бар жерде берекелі іс болатынын жеткізді. Алдағы уақытта да ынтымағы жарасқан Жамбыл жерінің өркендей беруіне аянбай тер төгуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.