Т.Рысқұлов ауданы халқы да Елбасы үндеуін қолдайды

0 2

Ел басына сын сағат туды.Азаматтың сыналар сәті келді.Бір ғана дерт әлем жұртын алаңдатты. Мемлекет Тәжтажалмен күресуге жұмыла кірісті. Әлемде экономикалық дағдарыс ахуалы байқалды. Шағын және орта бизнеске күш түсті. Мұны зерделеп отырған Мемлекет басшысы да ел Үкіметі де аянбай еңбек атқарып, ауқымды жоспарларын алға тартты. Алайда қолдау керек. Қоғамның түсіністігі мен жауапкершілігін арттыру қажет болды. Осы тұста тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев ел Үкіметі мен Президентті қолдауға шақырып,республикалық қор құруды ұсынды. Қорға қомақты қаржылар құйыла бастағаны көңіл қуантты. Бұл істің жергілікті жерде де іске асырылуы тапсырылған. Алғашқы қадамдар да жасалуда.Барша қазақстандықтармен бірге аудан халқы игі істен шет қалмайды. Барлық елді мекен халқына Елбасы үндеуі таратылып,түсіндіру шаралары жүргізілді. Өлкеден шыққан ірі кәсіп иелері мен жомарт жандардан Елбасы бастамасын қолдауға ұсыныстар айтылуда. Бұл ізгі істе қалыс қалмайтын рысқұловтықтар Елбасының идеяларын қолдайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.