Қазақстан бойынша 34 мектепте инклюзивті қолдау кабинеттері бар. Аралас формат кезінде олардың білім алуы қалай жүзеге асады? Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер спикерлерге осындай сауал жолдады. БҒМ вице-министрі Шолпан Каринова барлық мектептерде инклюзивті білім беруге жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.

«Одан бөлек арнайы білім беру мекемелері және инклюзивті білім беру мекемелері бар. Бұл жерде денсаулығында кемістігі бар арнайы білімді қажет ететін балалар білім алады. Оларға әр жағдайда да ерекше жағдайлар қарастырылған. Олар барлық нормативтік-құжаттарда белгіленген. Сондықтан басқа балалар сияқты осы инклюзивті режимде оқитын, өзіне басқа білімді жағдайды қажет ететін балалардың да жағдайы ескеріледі», — деді БҒМ өкілі өз жауабында.

Оның айтуынша, әр жағдайда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайларына байланысты психологиялық-медициналық консультациялар қабылдаған тиісті шешімдер білім мекемелерінде қолданылып, ұйымдастырылады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here