Әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы бақылауда болады

0
26

Облыста түзілген әлеуметтік азық-түліктердің статистикалық бағалар нарық бағасынан әлде қайда төмен екенін көрсетіп отыр. Оған әлеуметтік дүкендердегі төмендетілген бағадағы тауарлар үлесі әсер етуде. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағалары мен қамтылуы туралы жан-жақты тоқталды.

— Мониторингтік топтар өз жұмыстарын тұрақтытүрде атқаруда, барлық сауда нысандары азық-түлікпен қамтылған. Қазіргі таңда бөлшек сауда орындарында азық-түліктің 15 күнге жеткілікті қоры қалыптасқан.

Ірі көтерме сауда субъектілерінде 1-2 айға жеткілікті тауарлар жинақталған. Көкөністердің маусым аралық (қаңтар-наурыз) кезеңге жинақталған 201 мың тонна қоры бароның ішінде  пияз және сәбіз бойынша ішкі сұранысты толық қамтуға жеткілікті. Бұл ретте картоп және қырыққабат қорының тапшылығы байқалады,-деді басқарма басшысы.

Бүгінге таңда облыс бойынша қолданыста 236 қойма бар болса, олардың жалпы сыйымдылығы 256 тоннаға жетеді. Қазір аталған қоймаларда 201 мың тонна өнім сақталуда. Оның ішінде картоп 9,5 мың тонна, сәбіз – 7 мың тонна, пияз – 173 мың тонна, басқалары – 11,5 мың тоннаны құрайды.

— Президенттің тапсырмасына сәйкес, рұқсат етілген шекті бағаларды бекіту әдістемесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен Бұйрық жобасы әзірленді, тиісті мемлекетік органдар тарапынан талқылануда. Мақұлданған жағдайда жергілікті деңгейде де шекті бағалар қабылданатын болады,-деді Е. Жиенқұлов.

Облыс әкімі баға тұрақтылығы күнделікті бақылауда болу керектігін баса айтты.

— Маған әлеуметтік дүкендердердегі азық-түлік бағаларының қымбаттылығы, тіпті тапшылығы туралы ақпараттар түсуде. Олай болмайды. Халыққа ондай өтірік әлеуметтік дүкендер керек жоқ. Дүкенді ашудағы мақсатымыз нақты іс жүзінде көрініс табуы тиіс. Ол үшін жиі тексеріс, тұрақты бақылау жүргізіп отырыңыздар!Тұрақтандыру қорындағы жеткілікті азық-түлікпен әлеуметтік дүкендер үздіксіз қамтылуы қажет. Әрдүкенге бөлек-бөлек талдау жасаңыздар. Өзімізден шығатын көкөністердің бағасы өсіп жатса, басқасы туралы не айта аламыз?-деген Б. Сапарбаев қажетті азық-түлік қорын қалыптастыруға айрықша назар аудару керектігін жеткізді.

Сондай-ақ, басқасудың күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша өңірдегі су қоймалардың жай-күйі, олардың ылғалмен қамтылу мәселесі қаралды.

Аймақ басшысы ауа-райының қолайсыздығына назар аудартып, көктемгі дала жұмыстарынаертеден дайындалу керектігін айтты. Су қоймаларына қажетті ылғал қорын қазірден жинақтамаса, кеш болатынын жеткізді. Бұл бойынша бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу деңгейінің төмендігін сынға алды.

Каналдарды асарлатып тазалау, ұңғыма қазу секілді шаралардың маңыздылығына тоқталған облыс әкімі Шу, Талас өзендерінің суын қазірден бастап ең болмағанда жайылым мен шабындықтарға қарай бағыттау қажеттігін тілге тиек етті.

— Соңғы жылдары жауын-шашынның аз түсіп жатқандығын көріп отырсыздар. Биыл да жағдай аса мәз емес. Мұндай жағдайда бізге жер асты суларын тиімді пайдалану аса маңызды. Бұл туралы бұған дейін де айтып, ғылыми зерттеу институмен бірлесіп жұмыс жүргізіп,  ұңғымалар қазу бойынша тапсырмалар берген болатынмын. Қазіргідей қыс мезгілінде су қоймаларына қажетті ылғал қорын жинақтап алу үшін барынша жұмыс жүргізіңіздер. Суды үнемдеп пайдалану керек, — деген Бердібек Сапарбаев жауаптыларға жұмысшы тобын құрып, апта сайын ахуалды зерделеп, саралап отыруды тапсырды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here