ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының жұмысымен танысты

0 59
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында болды.
Сапар барысында орталық директоры Сейтхан Жошыбаев министрге мекеменің негізгі қызмет бағыттары, жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеуде қолданылатын заманауи әдістер, сондай-ақ кардиохирургия саласындағы жетістіктер туралы баяндады.
Министр жан сақтау және кардиохирургия бөлімшелерін, операциялық блокты аралап, жоғары технологиялық медициналық жабдықтардың жұмысымен және пациенттерге көрсетілетін мамандандырылған көмектің ұйымдастырылуымен танысты.
Сонымен қатар, Ақмарал Әлназарова орталықта ем қабылдап жатқан пациенттердің бірімен тілдесіп, оның денсаулық жағдайы мен көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасы жөнінде пікір алмасты.
Медицина қызметкерлерімен өткен кездесуде министр орталық ұжымының кәсіби еңбегіне жоғары баға беріп, мекеменің отандық кардиохирургияны дамытуға қосып отырған үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, инновациялық емдеу тәсілдерін енгізу және медициналық қызмет сапасын одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Сапар соңында Денсаулық сақтау министрі Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, орталық ұжымына халық денсаулығын сақтау жолындағы адал еңбегі, кәсібилігі және жауапкершілігі үшін алғысын білдірді.
Кездесу қорытындысында кардиохирургиялық қызметті одан әрі дамыту, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту және орталықтың әлеуетін нығайту мәселелері талқыланды.
Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.