Жақсыбек Құлекеев Президентке ұлттық экономиканы дамыту жөнінде ұсыныс берді

0 24

Мемлекет басшысы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Сондай-ақ мұнай-газ секторының ғылыми-инжинирингтік әлеуетін күшейту мәселелері қарастырылды.

Белгілі ғалым және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өз көзқарасын айтты.

Сонымен қатар Жаңа Қазақстан құру аясында мемлекеттік қызметшілер мен экономика саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау проблемалары талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.