Жамбыл облысында 2025 жылдың 28 қарашасында Достық үйінде облыстық «Татар ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік достық» атты ауқымды этнофестиваль өтті. Шараның мақсаты — этносаралық татулықты нығайту және татар халқының мәдени мұрасын кеңінен таныту.

Фестивальге Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев қатысып, қатысушыларға арнайы лебізін білдірді. Ол этномәдени бірлестіктердің қоғамдағы орнына тоқталып, татулық пен бірлікті сақтаудағы үлестері үшін алғыс айтып, белсенді атсалысқан азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
Жиын барысында «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, татар-башқұрт этносының құрметті ақсақалы Амир Халиков сөз сөйлеп, татар мәдениетінің дамуы туралы пікірін білдірді. Ал,бірлестік басшысы Фарида Нақыш Шымкент қаласынан арнайы келген қонақтарға сый-сияпат табыстап, құрмет пен қонақжайлылықтың үлгісін көрсетті.
Фестиваль этнос өнерпазадарының концерттік бағдарламасына ұласып, бірлестіктің ардагері Алпысбай Смаиловтың «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
«Мәңгілік достық» этнофестивалі түрлі этнос өкілдерінің басын қосып, Жамбыл өңіріндегі бейбітшілік пен мәдени әралуандылықтың үлгісіне айналды.