Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды

0 6

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) жүргізілетін тексерулердің барысында мемлекеттік органдардың заңсыз шығарылған актілері мен шешімдерінің күшін жою бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Мәселен, 2021 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы  заңсыз шығарылған 3 актінің күші жойылды.

Мысалы, Жамбыл облысы Әділет департаментінде бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелесінде Шу ауданы ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Г.Қалтаеваға қатысты Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын бұза отырып шығарылған тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрығының күші жойылды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы Әділет департаментінде Н.Т.Кулманованың шағымы бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша да аталған Қағидалардың талаптарын сақталмауы анықталды.

Осыған байланысты, Департаментпен енгізілген нұсқаманың негізінде Жамбыл ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Н.Т.Кулмановаға қатысты қолданылған «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаның күші жойылды.

Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімінің аппаратында және Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша осы бөлімнің сектор меңгерушісі Г.Н.Усибалиевке қатысты қолданылған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазанының күші жойылды.

 Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселелері Агенттіктің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында да қаралды.

Бұл ретте, 2020 жылдың 12 айында және 2021 жылдың өткен кезеңінде Жамбыл облысының Әдеп жөніндегі кеңесі 5 мемлекеттік қызметшінің құқықтарын қалпына келтірді.

Мысалы, Қаратау қаласы әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері                  Э.К. Танатованың кінәсінің болмауына қарамастан, ол мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Атап айтқанда, Э.К. Танатова жұмыстары толық аяқталмаған Қаратау қаласында салынған футбол алаңдарының құрылысына мердігерге ақша аударуға және аталған жұмыстарды  қабылдауға қатысы болмаған.

Бұдан басқа, аталған тұлғаға қатысты қызметтік тергеп-тексеру қолданыстағы заңнаманы өрескел бұза отырып жүргізілген, сондай-ақ тәртіптік комиссия оның әрекеттеріне дұрыс құқықтық баға бермеген, яғни мемлекеттік қызметшінің кінәсі дәлелденбеген.

Аталған мәселе Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, Талас ауданының әкіміне Э. К. Танатованың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру ұсынылды.

Нәтижесінде, Қаратау қаласы әкімінің Э.К. Танатоваға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік тәртіптік жазаның күші жойылып, мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.

Сол сияқты, Шу ауданының Білім бөлімінің бас маманы А. Чимкентбаева жіберілген кемшіліктер үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылған.

Өз кезегінде, А. Чимкенбаеваға Қағиданың 34-тармағының талаптарын бұза отырып, яғни тәртіптік жаза қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен қолданылған.

Бұл жағдайда да аталған мәселе Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, Шу ауданының білім бөлімінің басшысына А. Чимкенбаеваға қатысты қолданылған тәртіптік жазаның күшін жою туралы ұсыныс берілді.

Нәтижесінде, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысының А.Чимкенбаеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрығының күші жойылып, мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.

Осы сияқты, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша жұмыс берушілердің яғни, Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.С. Жақсыбаевқа Т.Рысқұлов ауданы Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Қ. Байжолға., Қордай ауданы Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің бас маманы Ж. Сұлтанғалиеваға.,           Т. Рыскулов ауданы Құмарық ауылдық округінің бас маманы Ф.А.Сукеноваға  қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылып, мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.

Бұл бағыттаға жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.