Алаяқтарға алданып қалмаңыз

0 37

Азаматтраға арналған үкімет әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігіне байланысты алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертеді. Алаяқтар өз құрбандарынан мүмкіндігінше көп ақша тарту мақсатында түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Құжат алудың оңай жолын іздеген клиент қоңырау шалған кезде олар алдын ала төлем жасауды сұрайды, ал жүргізуші куәлігі бір айдың ішінде дайын болатынына сендіреді. Төлемді алғаннан кейін телефонын өшіріп, із-түзсіз жоғалып кетеді.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Медетбеков Данияр айтты. Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға қаражат аудармаған жөн және жеке мәліметтеріңізге мұқият болу керек.
«Жүргізуші куәлігі тек автоХҚО-да тиісті емтихандар тапсырған соң уәкілетті орган арқылы берілетінін еске саламыз. 2022 жылдың 8 айында негізгі жүргізуші куәлігін алуға 7395 үміткер өтініш білдірсе, оның 802-сі жүргізуші куәлігін сәтті алды. 4035 адам теориялық тестілеуден, 2558 адам практикалық сынақтан (көлік жүргізу) өте алмады. Айта кету керек, практикалық емтиханды сынақ ретінде қабылдауға болады, содан кейін емтиханның өзін ғана тапсыруға болады. Сондай-ақ, емтихандарды тапсыра алмасаңыз, 7 күнтізбелік күннен кейін қайта тапсыра аласыз. Теориялық емтиханға https://www.safety-driving.kz/online2/ және https://uapp.kz/login сайттары арқылы дайындалуға болады», — деді спикер.
Данияр Түзелбекұлы жүргізуші куәлігін алу жолдарын жан-жақты баяндады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.